Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақ даласында киіктер төлдей бастады (ФОТО)

Қазақ даласында киіктер төлдей бастады (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Қазақ даласындағы киіктер төлдей бастады. Жаңа туған құралайдың фотосуреттері желіде жарияланды.
«Бүгінгі күнді сүйінші сұраудан бастағым келеді. Бірнеше күн бұрын киіктер төлдей бастады. Көктемнің алғашқы құралайларын көріңіздер. Тұқым жалғастыру – әрбір тіршілік иесі үшін маңызды кезең», - дейді фотосуреттерді желіде бөліскен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.
Жаңа туған төл енді тіршіліктің сынынан өтуі тиіс. Әлсізі өлсе, кейбірі жыртқыштардан аман қалмайды. Тек мықтысы тіршілігін жалғастырады. Табиғат заңы осындай.
«Жыл сайын мамыр айының басында киіктер төлдейді. Төлдеу уақыты бірнеше аптаға ғана созылады. Жыл сайын дәл осы уақытта күн бұзылып, салқындайды, жел тұрады. Халқымыз оол уақытта «Құралайдың салқыны» деп атайды. Төлдеу кезінде киіктің еркегі оларды айнала жүріп, жыртқыштардан қорғайды. Ал Охотзоопромның инспекторлары мен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық департаменттері де киіктерді браконьерлерден қорғайды», - дейді комитет өкілі.


06 мамыр 2020 ж. 241 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области