Қызылордалық зияткерлер #JUMEKEN85 жыр эстафетасын жалғастырады

Әдеби челлендж аясында жас зияткерлер ақынның «Өмір» атты туындысын оқып, шығармашылығын көпшілікке таныстырды. Сондай-ақ, бұл жыр эстафетасын Алматыдағы физика-математика бағытындағы НЗМ оқушыларына жолдайды.
«Жұмекен Нәжімеденов – қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы. Ақын өлеңдері әлі күнге дейін маңыздылығын жойған жоқ, керісінше әдебиет әлеміндегі, қазіргі қоғамдағы өзектілігі арта түсуде. Ақынның әнұранымыздан бастап, қазақ балладасының қалыптасуына негіз болған «Табиғат-Өмір» секілді философиялық ұғымдары қазақ поэзияның дамуына өзіндік үлесін қосуда», – дейді 12-сынып оқушысы Дильназ Жақсылық.