Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 20 мамыр: Атаулы күндер мен оқиғалар

20 мамыр: Атаулы күндер мен оқиғалар

Дүниежүзілік метрология күні
Метрология (грек тілінде metron - өлшем және logos - сөз, ілім) - өлшеудің бірлігі мен қажетті дәлдікке жету тәсілдері жөніндегі ғылым. Қазақстанда алғашқы метрологиялық мекеме 1923 жылы Семей қаласында ұйымдастырылды. Ол 1925 жылы Семей және Жетісу губернияларындағы таразыларды, гірді, ұзындық пен көлем өлшемдерін тексеруді жүзеге асыратын өз алдына жеке палата болды. Оның бөлімдері Петропавл, Ақтөбе, Алматы қалаларында жұмыс істеді. 1930 жылы палата Алматыға көшірілді. 1974 жылы Алматы қаласында арнайы эталондар сақтайтын ғимарат салынды. Республиканың метрологиялық қызметінде тексеру жұмыстарын жүргізу үшін 20 жұмыс эталоны (қысым, температура, масса, ұзындық, электрлік сыйымдылық, электрлік кедергі, түзу, түзу сызық, т.б.) қолданылады. 2000 жылы Қазақстанда мемлекеттік уақыт және жиілік эталоны пайдалануға енгізілді.

Дүниежүзілік аралар күні
БҰҰ халықаралық күндер жүйесінде аталып өтіледі. Аралар популяциясының қысқару мәселесі және осы жәндіктерді қорғаудың маңыздылығына назар аудару үшін бекітілген. БҰҰ Бас ассамблеясы Дүниежүзілік аралар күнінің датасы ретінде 20 мамырды таңдаған. Бұл күні танымал словен ара өсірушісі Антон Янши дүниеге келген.

1994 жылы құрамында «Азия», «Казахстанская правда» газеттері, «Азия-пресс» ақпарат агенттігі, сондай-ақ ерікті түрде кірген басқа да кәсіпорындар мен ұйымдары бар «Еуразия-пресс» республикалық редакциялық-баспа корпорациясы құрылды.

1998 жылы «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» ҚР Заңы қабылданды. Осы Заң Қазақстан Республикасы астанасының құқықтық мәртебесін, жұмыс істеуінің ұйымдық-саяси және экономикалық негіздерін айқындайды.

2014 жылы Халықаралық банкнот қоғамдастығы (IBNS) ҚР Ұлттық банкін 2013 жылдың қорытындысы бойынша «Күлтегін» көне түркі жазбасына арналған 1000 теңгелік естелік банкноты үшін «Жылдың үздік банкноты» номинациясымен кезекті рет марапаттады.
20 мамыр 2020 ж. 189 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области