Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 4 ақпан: Атаулы күндер мен оқиғалар

4 ақпан: Атаулы күндер мен оқиғалар

Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні
«Халықаралық онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі одақ» (UICC) жариялаған. Бұл халықаралық күннің мақсаты - обырдың қазіргі замандағы ең қауіпті аурулардың бірі екендігі туралы жұртшылықты хабардар ету, сондай-ақ осы кеселдің алдын алуға, анықтауға және емдеуге қоғамның назарын аудару.

Халықаралық зорлыққа қарсы күрес күні
Бұл күн 1985 жылдан бері аталып келеді. Адамды азаптаудың түрлері сан алуан болып есептеледі.

1854 жылы Кіші Алматы өзенінің жағасында, көне Алматы қонысының маңында Заилийский әскери бекінісі салынып, кейін оның аты Верный деп өзгертілді. 1867 жылы қала Жетісу облысының әкімшілік орталығына айналды. 1921 жылы қалаға байырғы Алматы атауы қайтарылды. 1927 жылдан қала Қазақ АКСР-інің, 1936 жылдан Қазақ КСР-інің, 1991-1997 жылдары Қазақстан Республикасының астанасы болды. 2016 жылы Алматы 1000 жылдық мерейтойын атап өтті.

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Бангладеш Халық Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттама қабылданды.

1993 жылы Қазақстан Республикасы мен Мальта Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.

1993 жылы республиканың мұнай-газ саласындағы бірінші бірлескен кәсіпорын - «ҚазақТүрікМұнай» қазақстандық-түрік кәсіпорны құрылды.
04 ақпан 2020 ж. 250 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области