Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 4 ақпан: оқиғалар мен атаулы күндер

4 ақпан: оқиғалар мен атаулы күндер

Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні. «Халықаралық онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі одақ» (Қатерлі ісікке қарсы одақ - UICC) жариялаған. Бұл халықаралық күннің мақсаты - қатерлі ісіктің қазіргі өркениеттің ең қауіпті ауруының бірі екендігі туралы хабардарлықты арттыру, осы кеселдің алдын алуға, анықтауға және емдеуге назар аудару. Қатерлі ісік - бүкіл әлемде өлімге әкеліп соғатын кесел саналады.

Халықаралық зорлыққа қарсы күрес күні. Бұл күн 1985 жылдан бері аталып келеді. Адамды азаптаудың түрлері сан алуан.

1854 жылы Верный бекінісінің негізі қаланды. 1867 жылы бекініс қала мәртебесін иеленді. 1921 жылы қаланың аты Алматы деп өзгертілді. 1929 жылдан бастап бұл қала Қазақстанның астанасы болды. Верныйда 1897 жылы алғаш жүргізілген халық санағы бойынша 22,7 мың адам тұратын болса, 1978 жылы 910 мыңға жеткен. Ал 1982 жылы Алматы қаласы КСРО бойынша тұрғындар саны 1 миллионға жеткен 22-ші қала ретінде тіркелді.

1992 жылы Францияның Тур қаласында өткен халықаралық кинофестивальда режиссер Ермек Шынарбаевтың «Кек» фильмі бірінші орынды иелесе, Сергей Әзімовтың «Өлі теңіз хроникасы» атты фильмі екінші жүлдеге ие болды.

1993 жылы Қазақстан Республикасы мен Мальта Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.

2005 жылы Алматыда «Қазақстан Республикасының Конституциясы» атты кітап шықты. Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясының 10 жылдығына арналған ғылыми-заңды түсінік. Елдегі басты заңға ғылыми-заңды түсінік берген, танымал ғалым-заңгерлер Ғайрат Сапарғалиев, Мақсұт Нәрікбаев, Бауыржан Мұхамеджанов және басқалар.

2009 жылы Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде археология мен этнологияның ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. Зерттеу орталығы тас, қола, темір, ортағасырлар археологиясы мен Қазақ этнологиясы сынды 5 бөлімнен тұрады. Бұнда У.Шалекенов, А.Төлеубаев, М.Елеуов, Ж.Таймағамбетов, Б.Қалшабаева, А.Тоқтабай сынды танымал ғалымдар жұмыс істейді.

2010 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Француз Республикасының Yкiметi арасындағы Қаржыландыру туралы хаттаманың (Алматы қаласының сумен қамтамасыз ету және кәрiз инфрақұрылымын оңалту мен жаңғырту жобасы) күшін жою туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

2010 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік резервтердегі материалдық құндылықтарды пайдалану және сақтау, қалыптастыру жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік материалдық резерв мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
04 ақпан 2019 ж. 531 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области