Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 1 маусымнан бастап вокзалға тек билетпен кіргізеді: пойыз жолаушылары нені білуі тиіс?

1 маусымнан бастап вокзалға тек билетпен кіргізеді: пойыз жолаушылары нені білуі тиіс?

Kyzylorda-news.kz. Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов пойыздарда негізгі санитарлық-карантиндік шараларды белгілейтін қаулыға қол қойды.
Қаулы тасымалдаушылар жұмысына ғана қатысты емес. Құжатты вокзал әкімшілігі, тасымалдау саласындағы кәсіпорындар мен көлікке қызмет көрсету ұйымдары басшылыққа алады.
Вокзал ғимаратына тек билеті бар жолаушылар кіргізіледі. Жолаушылар маска тағуға, ал жолсеріктер бетпердемен қоса қолғап киюге міндетті.
Шығарып салушылар вокзал ғимаратына кіре алмайды, туысқандарымен сыртта қоштасуы тиіс. Вокзалдың өзіндік қауіпсіздік қызметі кіре берісте барлық адамның дене қызуын тексереді.
«Вокзал ішінде, пойызға отырарда және одан түсерде жолаушылар арасында әлеуметтік ара қашықтық сақталуы тиіс. Вагондар арасында жолаушылардың қозғалысы шектеледі», – деп мәлімдеді Сәдуақас Байғабылов.
Пойыз жүргеннен кейін жолсеріктер жолаушыларға анкета таратады.
Жылжымалы құрам вагондарында кондициялау, желдеткіш жүйелері мен желдеткіш сүзгісін ауыстыруға ревизия жүргізіледі.
Вокзал мен пойыздарда жұмыс істейтін қызметкерлер әр ауысым алдында медициналық тексерістен өтеді.
Егер жағдай тұрақталса, бұл шаралар кезең-кезеңмен жеңілдетіледі.
Бұған дейін жолаушылар пойыздары 1 маусымнан бастап жүретінін хабарлаған болатынбыз.
14 мамыр 2020 ж. 289 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру