Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚР Экология министрі: Кіші Аралдың экологиясы жақсарып келеді

ҚР Экология министрі: Кіші Аралдың экологиясы жақсарып келеді

Kyzylorda-news.kz. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қызылорда облысына сапары туралы жазба жариялады.
«Еліміздің оңтүстік өңірінде жұмыс сапарымен жүрмін. Кеше Қызылорда облысының әкімі Г.Әбдіқалықовамен Кіші Аралға барып қайттым. Солтүстік Аралдағы ахуалды жақсартуда Көкарал бөгетінің құрылысы үлкен рөл атқарды және бүгінде ол жақтағы су көлемі 27 текше шақырымға жетті. Өңірдің экологиясы жақсарып, балық шаруашылығы қарқынды даму үстінде. Су қоймасында тіршілік ететін балықтың 20-дан астам түрі бар», - деп жазды министр Twitter парақшасында.
Оның атап өтуінше, бөгеттің стратегиялық маңызы бар және оның жай-күйін бақылауға алып, үнемі күтіп ұстау қажет.
«Осы мақсатта бөгетті нығайту жұмыстарын жүргізу жоспарланған, жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Жоба таяу келешекте жүзеге асырылатын болады және нысанды жаңғырту барысында жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді», - деді Мағзұм Мырзағалиев.
14 мамыр 2020 ж. 249 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области