Қызылордада мешіттер ашылды

«Өңірдегі карантин ережелерін сақтай отырып, мешітте жекелеген түрде намаз оқуға рұқсат етілді. Жамағатпен намаздар оқылмайды. Сондай-ақ, мешітте 15 минуттар артық болуға болмайды. Әр 3 сағат сайын залдар залалсыздандырылып отырады. Ал Құран оқыту бөлмесіне 10 адамнан артық кіргізілмейді. Кіріп-шығу есіктері бөлек болады. Тағы ескере кететіні, неке қидыруға келуші мұсылмандармен тек куәгерлер ғана болуы шарт. Биыл Рамазанның қасиетті Қадыр түні 19-нан 20-на қараған түнге сәйкес келіп отыр. Осыған орай, қасиетті Қадыр кешін үйде өткізуге шақырамыз», - деді бас имам.
Мешітке келушілер міндетті түрде бетперде тағуы қажет. Антисептік құралдарын пайдаланып, 1,5 метр арақашықтықты сақтау міндеттеледі. Сақтық ережелеріне байланысты қол амандасу құпталмайды. Барлық мешіттер таңғы 7.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс жасайды.
