Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Вице-министр: Күзде де карантиндік шаралар қабылдануы мүмкін

Вице-министр: Күзде де карантиндік шаралар қабылдануы мүмкін

Kyzylorda-news.kz. Күзде коронавирустың екінші толқыны келсе, карантиндік шаралар қабылдануы мүмкін. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Онлайн тәртіпте өткен баспасөз мәслихатында күзде коронавирустың екінші толқыны болатындығы туралы пікірлерге қатысты сұрақ қойылды. Бұл тұрғыда кәсіпорындардың жұмысына шектеу енгізу мүмкіндігі жайында сұралды.
«Шынымен де күзде біз екінші толқыны келуі мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Алайда күзде қабылданатын шаралар жағдайға қарай іске асырылады, яғни сол кездегі эпидемиологиялық ахуал назарға алынады. Күзде қандай да бір карантиндік шаралар қабылдануы мүмкін, бұл қадамдар індеттің таралуы қаупіне байланысты болады», - деді вице-министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директоры Дамир Көбжасаров коронавирустың екінші толқыны қай кезде келуі мүмкін екенін айтты.
«Індет жұқтыру көрсеткіштері артуының екінші кезеңі күз мерзімінің екінші бөлігіне келуі мүмкін. Ел халқы вирустың бар екенін ұмытпауы керек. Бұл індет барша әлемде толықтай жойылмады. Кейбір адамдарда бұл ауру ешбір белгілерсіз болады, кейіннен бұл инфекция ағзасы індетке сезімтал кісілерге жұғуы мүмкін», - деді Д. Көбжасаров онлайн тәртіпте өткен брифингте.
19 мамыр 2020 ж. 215 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области