Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда колледж жанындағы жылыжай өнім бере бастады

Қазалыда колледж жанындағы жылыжай өнім бере бастады

Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданындағы ауыл шаруашылығы мамандарын дайындайтын колледж жанынан арнайы жылыжай ашылып, алғашқы өнімін бере бастады.
Өткен жылы құрылысы басталған жылыжайда әзірге қияр мен қызанақ қана өсіп тұр. Алдағы уақытта гүлдің түр-түрін өсіру жоспарлануда.
Жылыжайға егілген қияр мен қызанақты күтіп-баптау колледж директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары Болат Садықовқа бекітілген. Осыдан 2 ай бұрын егілген қиярдың қазір желегі жайқалып, пісіп тұр. Амандық болса мамыр айының аяғына дейін қызанақ та жеміс бере бастайды.
Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің директоры Темірбек Исмайловтың айтуынша, алдағы уақытта «Жылыжайда көкөніс өсіруші» мамандығын ашу жоспарда бар. Білім ордасында мұндай тәжірибе алаңының болуы болашақ мамандардың өз кәсібін жетік меңгеріп шығуына сеп болмақшы.
Студенттер жаңа технологиялардың, тамшылатып суарудың пайдасы қандай екенін, қандай процестер қолданған жағдайда жақсы өнім алуға болатынын үйренеді.


19 мамыр 2020 ж. 197 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области