Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сырдария ауданында көпбалалы анаға баспана кілті табысталды

Сырдария ауданында көпбалалы анаға баспана кілті табысталды

Kyzylorda-news.kz. Төреңөзек кентінде көпбалалы анаға баспана кілті табысталды.
Рамазан - береке мен бірлік, кешірім мен мейірім және қайырымдылықтың айы, адамзаттың жан дүниесін, сана-сезімін, көңілін қуанышқа бөлейтін қасиетті ай. Сондай-ақ, бір жылда бір рет келіп, мың айданда артық түн - Қадір түні кіреді. Қадір түнін - адамзат баласын бірлікке, бауырмалдыққа, ата - ананы құрметтеуге, жақсылыққа шақыратын рухани сәт деп атауға әбден болады.
«Қолы ашықтың жолы ашық» дейді дана халқымыз.
«Хикмет» қайырымдылық қорының қолдауымен Тереңөзек кентіндегі көпбалалы ана Райкүл Балмахановаға тұрғын үй кілті және Әдия Асылбекқызы есімді қызының ем алуына қажетті қаражаттың сертификаты табыс етілді.
Көпбалалы ананың қуанышымен бөлісуге келген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы «Хикмет» қайырымдылық қорының төрағасы Азамат Болатбекке шынайы алғысын айтып, аудан көлемінде де түрлі қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылып, көмек көрсетіліп жатқанын тілге тиек етті.
Айта кетейік, құрылғанына жыл толмаған «Хикмет» қайырымдылық қоры бүгінде қайырымды жандардың қолдауымен 6 көпбалалы отбасылардың баспаналы болуларына жәрдемдескен.
20 мамыр 2020 ж. 271 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области