21 мамыр - мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні

«Облыс бойынша мәдениет және өнер саласында 3152 қызметкер жұмыс жасаса, оның 1674-і шығармашылық мамандар. Және де дәстүрге айналғандай биыл да облысымыздың мәдени-рухани дамуына зор үлесін қосқан мәдениет және өнер саласының қызметкерлері марапатталады. Яғни «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен - 7 адам, Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен - 10 азамат, Қызылорда облысы әкімінің Құрмет грамотасымен – 5 адам болса, Алғыс хатымен - 36 азамат және "Еңбек даңқы" төсбелгісімен - 3 қызметкер. Бұл марапаттар карантин талаптарын қатаң сақтай отырып, сала мамандарына тапсырылады»,-деді Мира Рахымжанқызы.
Құрметті өнер ардагерлері мен қайраткерлері, шығармашылық одақ өкілдері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен — Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
