Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елімізде тұңғыш рет шығу тегі белгісіз коронавирус табылды

Елімізде тұңғыш рет шығу тегі белгісіз коронавирус табылды

Kyzylorda-news.kz. Батыс Қазақстан облысында шығу тегі белгісіз коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды «Астана» арнасы.
Сырым ауданында 30 жастағы ер адамға қауіпті инфекция диагнозы қойылған. Бірақ дәрігерлер оның жұқтыру көзін таба алмай отыр.
Науқас сөзінше, ол коронавирус жұқтырғандармен байланыс орнатпаған және ауылдан шықпаған. Ер адам аудандық ауруханада жұмыс істейді. Науқас ауруханаға жатқызылды.
«Бұл облыс ішінде инфекция көзін таппаған алғашқы жағдай. Бізде 339 коронавирус инфекциясы тіркелген, олардың 70%-ы – Ресейден және Атырау облысынан әкелінген, ауысым жұмысшылары. Ал қалғандары – байланыс тұлғалары», - деді өңірдің тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау бөлімі бастығының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев.
Хабарланғандай, ауру адаммен 60-қа жуық адам байланыста болған, олардың барлығы оқшауланған.
21 мамыр 2020 ж. 166 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области