Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елімізде полицей коронавирус жұқтырған: Оның жүзден астам адаммен байланыста болғаны анықталды

Елімізде полицей коронавирус жұқтырған: Оның жүзден астам адаммен байланыста болғаны анықталды

Kyzylorda-news.kz Ішкі істер министрлігінің қызметкері коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді.
«Біздің министрліктің қызметкерлері де ауруды жұқтырып алған. Бір науқас қазір станционарда ем қабылдап жатыр», - дейді министр орынбасары.
Сөзінше, ауру жұқтырған қызметкермен 530 адам байланыста болған. Олардың арасында отбасы мүшелері, әріптестері мен басқа да қызметкердің жақындарымен қарым-қатынас жасағандар бар.
Қазір 30-ға жуық адам ауруханаға жатқызылыпты, тағы 80 үй карантинінде екен.
«Қазіргі таңда қызметкерлердің көбі ауруханадан шығарылды. Олар өз жұмыстарын жалғастыруда», - деп қосты Ильин.
Бұған қоса ол ІІМ қызметкерінің арасында көз жұмғандардың жоқ екендігін ескерді.
09 сәуір 2020 ж. 251 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области