Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Пандемияға байланысты Қазақстанға шетелден дәрі-дәрмек жеткізу қиындады

Пандемияға байланысты Қазақстанға шетелден дәрі-дәрмек жеткізу қиындады

Kyzylorda-news.kz. Коронавирус пандемиясына байланысты әртүрлі сырқаттарды емдеуге арналған шетелдік препараттардың кейбірін Қазақстанға жеткізу қиындап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әлбетте, қазір кейде шағымдар түседі. Әлемдік пандемияға байланысты бұған дейін жолға қойылған логистикалық процестің бәрі жойылды, көптеген елде шекара жабылды. Тіпті, өз қажеттілігіне байланысты кейбір мемлекет осыған дейін шетелге шығарып келген препараттарды ендігәрі басқа елдерге сатпайтынын жария етті. Зауыттардың кейбірі тоқтап та қалды. Мәселен, Үндістандағы жағдай бойынша форс-мажор жағдай туындады. Себебі ол елдегі Махараштра штатында зауыттардың бәрі толығымен жабылды. Үндістанмен золедрон қышқылы бойынша келісімшартымыз бар еді. Елдің өзі карантинге жабылып қалғандықтан, оны алып шығу қиынға айналды», - деді «СҚ-Фармация» ЖШС-нің басқарма төрағасы Берік Шәріп.
Оның айтуынша, күрделі мәселе туындағанымен екі елдің арасындағы келіссөздердің арқасында мамыр айының соңына дейін золедрон қышқылын Қазақстанға жеткізу жоспары бар.
Сондай-ақ ол тағы 20 препаратты алып келуде проблема туындап отырғанын айтты.
«Жеткізу жағынан қиындық туғызып тұрған 20 препарат бар. Оның бәрін де әлемдік пандемияға байланысты Қазақстанға алып келу қиынға айналып отыр», - деді ол.
Мәселен, бір мемлекет Қазақстанға осыған дейін келісілген препараттарды енді жеткізбейтінін жария етсе, онда басқа кәсіпорындармен келіссөз басталады.
«Ал егер келісімшарт жасасқан кәсіпорын белгілі бір уақыт сұраса, онда оған препаратты кеш те болсын жеткізу құқығы компанияға беріледі. Қазір әлемде адамдардың қозғалысы шектелгенімен, тамақ пен дәрі-дәрмек тасымалына рұқсат бар. Дегенмен кейбір препарат бойынша логистика сипатындағы қиындықтар туындағанын айта кету керек», - деді Берік Шәріп.
Inform.kz
21 мамыр 2020 ж. 165 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области