Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Жыр мұра» жобасы: Серік Жақсығұлов онлайн концерт берді (видео)

«Жыр мұра» жобасы: Серік Жақсығұлов онлайн концерт берді (видео)

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының өнерпаздары өңірдегі карантин кезінде тыңдармандарынан қол үзбей, түрлі әлеуметтік желілерде күн сайын концерттік бағдарламаларын халыққа ұсынып келеді. Осындай дер кезінде ойластырылған жобаның бірі – «Сыр шаңырағы» YouTube каналындағы «Жыр мұра» жобасы.
«Сыр елі – жыр елі»дейтін қанатты сөзді басты мұрат тұтқан «Жыр мұра» жобасыныңалғашқы қонағы – дүлдүл жырау Серік Жақсығұлов болды.
Ол кеше кешкілік екі сағат бойы тыңдармандарды Сыр елінің мақам-саздарымен сусындатып, терме-жырларды нақышына келтіре орындады.
«Серік баламның онлайн концерті туралы үйдегі балаларымнан естідім. Олар хабарландыруды әлеуметтік желілерден оқыпты. Содан Серікті қалай да тыңдауым керек, қосып беріңдер дедім. Сөйтіп, немерелерім қосып берген соң, екі сағат бойы тапжылмай тыңдадым. Серік жыраудың бір артықшылығы – жырды құр жырлап қоймайды, шығу тарихы мен авторы туралы арғы-бергі тарихты қаузап, тереңнен ой толғайды. Ешнияз сал, Тұрмағамбет, Балқы Базар, Дүр Оңғар, Жиенбай жыраудың жырларын құлақ құрышын қандыра орындаған Серік баламызға алғысымыз шексіз! Жасай берсін!» – деді біздің ақпарат агенттігіне хабарласқан Арал қаласының тұрғыны, ардагер ұстаз Тәжібай Үмбетәлиев.
Оқырман қауымға жырау Серік Жақсығұловты таныстырып жатудың өзі артық. Көптеген республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанған ұстаздың шәкірттері де талай додаларда топ жарып жүр.
Бірнеше жылдар бойы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде ұстаздық қызметпен айналысқан ол кейіннен Қармақшы ауданындағы Көшеней Рүстембекұлы атындағы Жыраулар үйіне басшылық жасап, оны дамытуға көп үлесін қосты.
Бүгінде – облыс орталығындағы Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжінің директоры қызметін абыроймен атқарып келеді.
«Осы «Жыр мұра» жобасы мен эфирді ұйымдастырып, Сыр бойындағы жыраулық дәстүрдің дамуына өз үлестерін қосып жатқан Қызылорда облыстық мәдениет басқармасы мен Халық шығармашылығын дамыту орталығының басшылығы мен осы орталықтың «Жыр» секторына үлкен алғысымды айтқым келеді», – дейді жырау Серік Орынбекұлы.
Айта кетейік, дүлдүл жырау Серік Жақсығұловтың «Жыр мұра» жобасындағы онлайн концертін 6 мыңға жуық көрермен тамашалаған.

21 мамыр 2020 ж. 229 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области