Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Рухани жоба ‒ «Жыр мұра»

Рухани жоба ‒ «Жыр мұра»

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада «Жыр мұра» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында 4 ауданнан 4 жыр мектептерін, облыс бойынша 14 қобыз үйірмесін ашып, жыр әлеміне жаңа есімдерді шығару жоспарлануда.

Сонымен қатар, «Ұлы дала төсіндегі Сыр елінің фольклоры» атты экспедиция ұйымдастырылып, облысымыздың 7 ауданы мен Қызылорда қаласында аралап, ел ішіндегі асыл қазынамызды жинақтау бағытында жұмыс жасалды.
Нәтижесінде, атақты Дәріғұл жыраудың шәкірті Берекет жыраудың орындауындағы 40 минуттық мақам саз, белгілі шайыр Байназар Өтеповтың дауысы және қолжазбасы, сонымен бірге, Бекарыстан би, Қожабақы ауылдарының абыз ақсақалдарының айтуымен Бекарыстан бидің, Сердалының Бекшорасы, Басықара, Көбек би, Мойнақ батыр туралы тың мәліметтер жазылып алынса, Қармақшы ауданындағы Тұрмағамбет ауылының байырғы тұрғыны Сағынов Қалидулла ағамыздың жеке мұрағатынан ескі мақам-саздар жазылған 4 дана бобина ленталары, ақын, әрі жырау Әмзе Оспановтың баласы Оспанов Оңдасыннан әкесінің қолжазбаларымен бірге 5 дана бобина лентасы, жырау Сәрсенбай Бөртебайұлының 1 сағат көлемінде жырлаған мақам-саздары, сондай-ақ, 1986 жылдары Сыр еліндегі жыр мектептерінің ашылуына үлкен қолдау көрсеткен өнер жанашыры Сүйінбай Ақбаевтың алпысқа тарта мақам-саздарды топтастырылған таспасы алынды.
Экспедиция барысында Мәдениет ауылының тұрғыны Болатбек Нұржанов ағамыздан «Шәкір-Шәкірат» дастанының Сыр бойында орындалатын нұсқасының көшірмесін, белгілі жыраулар Жадырасын Тасбергенов, Әубәкір Есжановтардың дауыстарын және қолжазбаларының көшірмелері және Нартай ауылының қарт тұрғыны Байжан ақсақалдың әңгімелерімен қатар, Нартайдың соңғы шәкірттері саналатын Арзулла Молжігітов, Әбіләш Әбуов, Құрманбек Бекпейісовтердің үн таспалары алынды.
Экспедиция мүшелері Қызылорда қаласында атақты Рүстембек жыраудың қызы Ыдық Рүстембекқызы, белгілі жыраулар, ұстаз Жұмабек Аққұлов, Қасарбек Кәрібаев, қарт журналист Өтеген Жаппархан, Қорқыт ата мұраларын жинақтаушы Ахат Жанаев сынды абыз ақсақалдармен сұхбат жүргізіп, барлығы бейне таспаға жазылып алынды.
Алдағы уақытта ел арасынан жинақталған мақам-саздар студияда өңделіп, терме-толғау, дастандардың мәтіндері жүйеленіп жыр-терме үйірмелеріне ұсынылатын болады.
14 мамыр 2019 ж. 587 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области