Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕЛІМ ДЕП ЖЫР ТӨГІЛТКЕН

ЕЛІМ ДЕП ЖЫР ТӨГІЛТКЕН


Дана жұртымызда «Сыр елі – жыр елі» дейтін қанатты сөз бар. Осындағы Арал-Қазалы өңірі – ежелден өлең мен өнер астанасы. Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар Сыр сүлейлерінің бірқатар аталған аймақтан шыққан.
Жыр күмбезін жоғары көтерген халық ақындары мен жыршы-жырауларымыз кейінгі ұрпағына ұлағаты мол ғибартты шығармаларын аманатқа қалдырды.
Ауыз әдебиеті мен халық ақындарының бай мұрасын әспеттеп, халқымыздың рухани құндылықтарымызды бүгінгі ұрпақ игілігіне жарату – Елбасының бағдарламалық мақаласында айтылған басты талап.
Осы орайда Қазалы аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен Бекарыстан би ауылында тағылымды шара өтті. "Елім деп жыр төгілткен" атты аудандық жыршы термешілер байқауы Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы аясында ұйымдастырылғанын айта кеткеніміз жөн.
Байқауға 10 талапкер қатысты. Оған сайдың тасындай азаматтар төрелік етті. Олар – Қазалы аудандық білім бөлімінің кəсіподақ комитетінің төрағасы Əбідқасым Романов, (қазылар алқасының төрағасы), Ахан Ербозов - термеші, жырау, Жəнібек Сармолдаев – ақын, шежіреші, қазылар алқасының мүшесі.
Байқау 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең Байназар Өтепұлының шығармасы, екінші кезең еркін тақырып. Аталған байқауды аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімі басшысын атқарушы Нұржан Уəлиұлы ашып, қатысушыларға сəттілік тіледі. Айта кетейік, аудандық жыршы-термешілер байқауы халық ақыны Байназар Өтепұлының 115 жылдығына арналды.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде аудандық мəдениет орталығы атынан қатысқан Айдос Тұрарға, І-орын Өмірзақ Жанболатқа, ІІ-орын бекарыстан билік Ақнұр Жəметова жəне Қазалы аудандық Оқушылар үйі атынан қатысқан Əбілхан Асылзатқа бұйырды.
Келесі жүлделі орынды Елтай Аида (Қожабақы ауылы) жəне Нұрым Базарбай (Ү.Түктібаев ауылы) иеленді. Қалған қатысушылар Олжабай Балмағамбетов (Əйтеке би кенті) - "Көрермен көзайымы" номинациясы, Едіге Айдаровқа (Қазалы қаласы) -"Жыр насихаттаушы" номинациясы, Еркін Шараптқа (Өркендеу ауылы) - "Талапты" номинациясы, Мағжан Оңғаров ( Жалаңтөс батыр ауылы) - " Мақам саз" номинациясына ие болды.
Енді рухани жаңғыру кезінде ең алдымен біз елін, халқын шын сүйетін ұрпақ, тәрбиелейміз десек, әуелі тарихи санамызды жаңғыртуымыз керек.
20 шілде 2018 ж. 914 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области