«СЫҢҒЫРЛА, САЗДЫ СЫРНАЙЫМ...»
Қазалы ауданындағы Лақалы ауылында «Сыңғырла, сазды сырнайым» атты баян аспабымен ән орындаушыларының аудандық байқауы өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын негізге ала отырып, қазақтың халық әндерін өскелең ұрпаққа ұғындырып, ел арасында танылмай жүрген таланттарды көпшілікке насихаттау мақсатында өткізілген шараға 16 талапкер қатысты.
Өнер кешенінде аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Лайық талапкерлерге сәттілік тіледі. Аудандағы танымал өнерпаздар шығармашылығы мен суреттері жинақталып, "Тербеген сазбен аймағын..." тақырыбында көрме жасалды.
Ереже бойынша екі кезеңде өткен байқауда Ақтан батыр ауылының өнерпазы Серік Ерболатов бас жүлдеге ие болды. Бірінші орынға Тасарық ауылынан Асылхан Сахиев лайық деп танылса, екінші орын Басықара ауылынан қатысқан Индира Ағыбаева берілді. Үшінші орынды Лақалы ауылынан Әділхан Мақсатбаев пен Аранды ауылынан Дәулет Айдаров бөлісті. «Шебер орындаушы» және «Талантты әнші» номинацияларын Ақсуат ауылынан Ғабит Өтепберген мен Әйтеке би кентінен Салтанат Шайзадаева иеленді.