Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада «Жыр мұра» жобасы қолға алынды

Қызылордада «Жыр мұра» жобасы қолға алынды

Kyzylorda-News.kz. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларының «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» бағыты бойынша Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Жыр мұра» жобасын жүзеге асыруда.
«Жыр мұра» жобасының негізгі мақсаты - халық арасында ұмытылып бара жатқан жыр-термелерді, мақам-саздарды, күйлерді қайта жаңғыртып келешек ұрпаққа табыстау, Қорқыт мұраларын жан-жақты насихаттау, жыр әлеміне жас жаңа есімдерді шығару.
Жоба аясында «Ұлы дала төсіндегі Сыр елінің фольклоры» атты экспедиция облыстың ел ішіндегі жыр жауһарларын жинақтау бағытында Қызылорда қаласы мен 7 ауданды аралап келді.
Нәтижесінде, халық арасындағы құнды мәдени мұралар жинақталып, көшірмелері алынып, ел ішінде танылмай жүрген талантты өнерпаздардың орындауында жыр-термелер жазылып алынды.
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен «Жыр мұра» жобасының ашылуында Сыр елінің жыр өнеріндегі аға буын жыраулармен қатар жас буын өнерпаздар бас қосып өз пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарындағы жыр мектептерінің жетекшілері ашық сабақ өткізді.
25 сәуір 2019 ж. 645 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области