Кітапханашылар Елбасы мақаласына үн қосты
Елбасы Н.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласын Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қызметкерлері де талқылады.
Жиынды кітапхана директоры Н.Мырзамұратова ашып, "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасының жалғасы болған мақаланың тарихи тұрғыда маңызды екендігін, халықтың арасында еліміздің терең тарихы мен мәдениетін кеңінен насихаттау екендігін атап өтті. Елбасы мақаласында айтылған ұсыныстарды қолдайтындарын және ондағы белгіленген тапсырмаларды жүзеге асыруға белсенділік танытуға шақырды.