Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тарихи сананы жаңғыртудың жолы

Тарихи сананы жаңғыртудың жолы


Елбасы Н.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласымен танысып, қазақстандықтар үшін тағы да жаңа жобаның тұсауы кесілді деген ойға келдім. Себебі "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаланың жалғасы ретінде жарияланған мақала кең байтақ жеріміздің тарихынан сыр шертеді.
Ғылыми деректер негізінде жазылған Ұлы даланың жеті қырын халқымыз міндетті түрде білуі тиіс. Ұлт тарихынан бастап, ата-баба дәстүрі, ежелгі кәсіп, мифология т.б. тарихи сананы жаңғыртып қана қоймай өскелең ұрпаққа дара жол ашады.
Ел Президенті Тәуелсіздік жылнамасына сәйкес, ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін "Архив – 2025" жеті жылдық бағдарламасын жасауды қажет деп таныды. Бұл ұлт тарихын санаға сіңірудің ең тиімді тәсілі болмақ.
Ауқымы кең мақала ұрпақтың келешегі үшін жасалған қадам екенін және төл тарихымызға оң көзқарас қалыптастыратынына сенім мол.
Ұлмекен ЖАНӘЛИЕВА,
"Сырдария ауданынының әйелдері" қоғамдық бірлестігінің төрайымы
22 қараша 2018 ж. 755 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области