Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ұлы даланың рухани мұрасы жаңғырмақ

Ұлы даланың рухани мұрасы жаңғырмақ


Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын оқып, әріптестерімізбен талқылап, пікір алмастық. Бұл ұлтымыздың рухани мұрасы мен мәдениетін жаңаша бағамдауға, заман талабына сай өркендей түсуіне жол ашатын ауқымды жоба.
Тамыры тереңде жатқан тарихымызды таразылаған Елбасы, өткенімізді терең зерделеуге үндеп отыр. Жаңа идеялар арқылы ел болашағын баянды ете түсуге батыл қадам жасалды. Қазақ халқының даналығын, далалық өркениетін әлемге таныту қажет. Мақаланың әр бөлімі өткенді сараптай отырып, бүгінмен ұштастыра, ойластыра айтылған.
Елбасы бастамасымен атақты тарихи тұлғалар мен олардың жетістіктерінің құрметіне ашық аспан астында ескерткіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашу тамаша идея. Жастар саябақта жүріп көрсін, білсін. Келген мейманға да ұялмай таныстыра аламыз.
Ал «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жүзеге асыруға және мектептер мен барлық өңірдегі өлкетану музейлерінің жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар құруға Президенттің бастама көтеруі көңілімізге қуаныш сыйлады. Сондай-ақ, Қазақстанның өркениеті тарихының үздіксіз дамуын көрсететін фильмдердің арнайы циклін өндіріске енгізу сияқты бастамалар қоғамның ілгерлеуіне септігін тигізбек.

Фариза ОМАРОВА,
Қызылорда гуманитарлық-экономикалық колледжінің оқытушысы.
28 қараша 2018 ж. 668 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области