Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ұлы даланың ұрпағы екенімді мақтан етемін

Ұлы даланың ұрпағы екенімді мақтан етемін


Күні кеше Елбасының«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жалғасы ретінде «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланды. Мақаланың атының өзі қандай керемет! Кеудені мақтаныш сезімі кернейді. Тарихи тереңде жатқан текті ұрпақ - Ұлы даланың баласымын деп мақтанғың келеді.
Ұлы даланың әрбір баласы мақалада айтылған өзіндік ерекшелігіміз - жеті қырымызды білуі керек деп ойлаймын. Мақаланы оқи отырып, ұлттық болмысымызды сақтап, тарихи сананы жаңғыртуымыз қажет екенін түсіндім. «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашу жобасы ұлыларымызды ұлықтаудың ерекше көрнісі болмақ. Бұл саябақ өскелең ұрпаққа тұғыры биік ел екенімізді, Ұлы даланың ұрпағы екенімізді паш ететін қасиетті орын болады деп сенемін.
Қазақстан күллі түркі халықтарының қасиетті « Қара шаңырағы» екені анық. «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» жобасы бұны дәлелдей түспек. Елбасымыздың облыс орталығы ретінде Түркістан қаласын бекітуінің өзінде үлкен мән жатыр деп білемін. Халқымыздың рухани астанасы – Түркістан қаласының өсіп-өркендеуіне бүкіл түркі әлемі куә болары сөзсіз. Бұл жоба Елбасымыздың көреген саясатын, түркі әлемінің көшбасшысы екенін аңғартқандай!
«Дала фольклорының антологиясын» жасау туралы жоба маған қатты ұнады. Ұлы дала мұрагерлері халық ауыз әдебиетімен сусындап, ертегілер мен аңыз-әфсаналарды, қисса-дастандарды бойына сіңіріп өссе, асқақ рухты, текті ұрпақ қалыптасатыны анық.
Мақаладағы әрбір жоба біздің игілігіміз үшін жасалып жатқандай!
«Төл тарихын біліп, бағалайтын және мақтанатын ұрпақ қалыптасса» деген Елбасының ізгі ойы біздерге де үлкен ой салады. Ұлылардың ұрпағы екенімізді ісімізбен де, сөзімізбен де әрқашан дәлелдеп жүруіміз қажет екенін түсінеміз! Сол себепті әлемнің озық көшінен қалмай, бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптасуды мақсат етеміз!

Балнура ҚҰБЫЛОВА,
№10 дарынды балаларға арналған облыстық
«Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.
23 қараша 2018 ж. 1 342 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области