Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ұрпаққа ұлағат

Ұрпаққа ұлағат


Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы бұрынғы «Мәдени мұра» бағдарламасының жалғасы іспеттес. Бұған дейін 2004 жылы қабылданған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қызылорда облысының мемлекеттік архивінде еліміздің тарихы мен мәдениетіне қатысты отандық және шетел архивтерінен барлығы 160 құжаттың көшірмелері алынды.
Бұл құжаттар Өзбекстан, Тәжікстан, Орынбор орталық архивтерінен Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылар тұстағы Әбілқайыр ханның жарлықтары, астананы Орынбордан Ақмешітке көшіру жұмыстары туралы хаттамалары, Қызылорда облысының құрылуы туралы қаулы, мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің өмірбаяны, қызметіне қатысты құжаттар және Алаш қайраткерлері С.Сәдуақасов, Х.Досмұхамедов, М.Шоқай, Н.Төреқұлов, М.Тынышпаев, Ғ.Мұратбаев, И.Тоқтыбаев, М.Жұмабаев, С.Есқараев, С.Қожанов, Б.Аралбаевтардың өмірі мен қызметтері туралы деректер болып табылады.
Ендігі кезекте «Архив 2025» жеті жылдық бағдарламасы аясында Өзбекстан, Татарстан Республикаларында, Ресей Федерациясының Орынбор, Москва, Санкт-Петербург, Екатеринбург мемлекеттік архивтерінде басқа да алыс-жақын шет мемлекеттерден қазақтардың шығу тарихы, қазақ хандықтары туралы, Арал теңізін зерттеу, Сырдария экспедициясын құру, тарихи тұлғалардың өмірдеректері, Сыр өңірі тарихына қатысты құнды құжаттардың көшірмелерін Ұлттық архив қорына қабылдау, оны жұртшылыққа қол жетімді етіп жарыққа шығару, цифрлық форматқа өткізу басты міндетіміз.


Әділбек ЕРСҰЛТАНОВ,
облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары


23 қараша 2018 ж. 649 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области