АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫНАН КӨРМЕ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Қызылорда облысының мемлекеттік архивтері Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында өткен шаһардың 200 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шараға «Перовск-Ақмешіт-Астана» тақырыбында архив құжаттарынан көрме ұйымдастырды.
Көрмеге ХІХ ғасырдағы жөлек бекінісі, Генерал В.А.Перовскийдің, Перовск портының картасы бейнеленген суреттер, 1925 жылы астананы Орынбордан Ақмешітке көшіру жұмыстары жайлы мәжіліс хаттамалары, Орынбордан Ақмешітке көшірілетін орталық мекемелер тізімі, Үкімет пойызының Ақмешітке аттануы жайлы телеграммасы, Ақмешітте өткен Бүкілқырғыздар Кеңесі 5-съезі Президиумының қаулылары, Қазақ атауын қалпына келтіру, Ақмешітті Қызылорда деп атау жайлы міндетті қаулылар, жаңа астана жобасын жасаушы сәулетші И.В.Рянгиннің мәлімдемесі т.б.құнды құжаттар қойылды. Сонымен қатар, Қызылорда қаласының мәдени экономикасының дамуы туралы мәлімет беретін құжаттар мен суреттер көпшілік назарына ұсынылып, қонақтарға кеңінен таныстырылды.