ӨНЕР ИЕСІНЕ АРНАЛҒАН КӨРМЕ
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Әлия Арысбаеваның туғанына 70 жыл толуына орай "Өмір өсірген өнер иесі" тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
Оған Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының ұжымы, студенттер мен оқушылар және БАҚ өкілдері қатысты.
Белгілі актрисаның өмір жолы мен шығармашылық өнерін жас ұрпаққа кеңінен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған көрмеге музей қорында жинақталған құжаттар, фотосуреттері, сахналық киімдері қойылды.