Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада суға ағып кеткен баланы іздестіру жұмыстары жалғасуда

Қызылордада суға ағып кеткен баланы іздестіру жұмыстары жалғасуда

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада суға ағып кеткен 10 жастағы баланы іздеу жұмыстары жалғасуда. Әзірге еш нәтиже жоқ.
Айта кетейік, 23 мамырда Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентіндегі каналға шомылған үшінші сынып оқушысы суға ағып кеткен. Оқыс оқиға жергілікті уақытпен сағат 18.00 шамасында болды.
«Суға батып кеткен баланы іздеу жұмыстары жалғасуда. Бұған 53 адам жұмылдырылды. Қалалық өрт сөндіру қызметінің мамандары каналдың екі жағын жер бетімен іздестіруде. Сондай-ақ, судан құтқару жасағының мамандары судың астында іздеу шараларын қолға алды. Канал бойында орналасқан екі көпір астына ау қойылған. Судың ағысы қатты. Оқиға орнында штаб құрылып, оған бүкіл ақпарат жиналуда», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Омар Бержанов.
25 мамыр 2020 ж. 252 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области