Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық полицейлер жастар арасында онлайн байқау өткізді

Қызылордалық полицейлер жастар арасында онлайн байқау өткізді

Kyzylorda-news.kz. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі Қызылорда облыстық ведомствоаралық штабының, Қызылорда ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы іс-шаралар жоспарының талаптарын орындау мақсатында Қызылорда облысы көлемінде оқу орындары арасында «26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күніне» орай фестивальдар ұйымдастыру сайысы өтті.
Сайыстың негізгі мақсаты – жастар, балалар мен жасөспірімдердің бойында есірткі тарату мен тұтынуға қарсы тұруын дамыту, салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру,денсаулықты бағалау болып табылады.
Сайысқа 33 оқу орны қатысып, есірткі мәселесіне байланысты ой – пікірлерімен, өздерінің үгіттеу шаралары және ән, би, қолөнер мен суреттері арқылы көрсетті.
Сайыскерлер тақырыпқа байланысты түрлі мағлұматтарға сүйеніп, осы бағытта ізденіп, есірткі мәселесіне кеңінен тоқталды деп айтуға болады.
Құрылған сайыстық комиссия шешіміне байланысты 33 сайыскердің 8 ынталық танытса,13 сайыскер аймақтық жеңімпаз атанды.
Өздерінің тапқырлығы мен жеңіске ынталығын танытқан сайыскерлер жеңімпаз атанды. Атап айтар болсақ, І орынды Шиелі ауданы №48 мектеп-лицейі, ІІ және ІІІ орында Қазалы ауданы № 94 орта мектебінің бірінші және екінші тобы иеленді.
Жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.
25 мамыр 2020 ж. 377 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области