Есірткіге қарсы үгіт бригадалар сайысы ұйымдастырылды

Сайысқа 40 (316 оқушы, студент) үгітбригадасы қатысып, есірткі мәселесіне байланысты ой-пікірлерімен өздерінің үгіттеу шаралары мен театр қойылымдарында көрсете білді.
Құрылған сайыстық комиссия шешіміне байланысты Сырдария ауданы №35 орта мектебі жеңімпаз атанса, 2 орынды Шиелі ауданы №252 орта мектебі және 3 орынды Жаңақорған ауданы №52 орта мектебі иеленді.
Сайыс нәтижелері бойынша, 18 оқу орнының командаларына бағалы сыйлықтар табысталып, 22 оқу орнының командалары алғыс хаттармен марапатталды.

