Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Аралда түйе сүтін өңдейтін цехтың құрылысы басталды

Аралда түйе сүтін өңдейтін цехтың құрылысы басталды

Kyzylorda-news.kz. Арал ауданындағы индустриалды аймағында «Qazaq Camel» ЖШС-нің түйе сүтін өңдеп, одан құрғақ сүт өндіретін цехының құрылысы басталды.
Арал қаласындағы №1 республикалық маңызы бар индустриялық аймағында орын тепкен цехтың іргетасын қалау рәсіміне аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы қатысты. Жобаның өңіріміз үшін маңызды екенін атап өткен аудан басшысы бүгінгі бастамаға сәттілік тіледі.
Шара барысында «Qazaq Camel» ЖШС-нің директоры, «Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ дайындау цехі» жобасының жетекшісі Нұғырбек Абулғазин аймағымызда алғашқы рет қолға алынып отырған жоба жайын таныстырып өтті. Атап айтқанда, жылына 130 тоннадан астам түйе сүтінен құрғақ қоспалар өндіруге қауқарлы цехтың құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың соңында аяқталады деп жоспарлануда. Жоба іске қосылғанда 25 адам жұмыспен қамтылатын болады. Мұнда әзірленген дайын өнімдер республика нарығынан бөлек, алыс-жақын шет елдерге экспортталмақ.
Өңірлік индустрияландыру картасына енгізілген, жалпы құны 1,5 млрд теңгені құрайтын цехтың құрылысын жергілікті «Арал құрылысы» ЖШС-гі қолға алып отыр.

26 мамыр 2020 ж. 397 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области