Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада «Қазатомөнеркәсіптің» әлеуметтік жобалары іске асырылып жатыр

Қызылордада «Қазатомөнеркәсіптің» әлеуметтік жобалары іске асырылып жатыр

Kyzylorda-news.kz. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өзі жұмыс жүргізетін өңірлердің әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуына, тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға инвестиция салуды одан әрі жалғастыруда.
Атом холдингінің кәсіпорындары қатысатын өңірлерде әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«Аталған компания Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарында компания көшелерді жарықтандыруға күрделі жөндеу жүргізіп, қайта жаңартудан өткізеді. Байкенже ауылында балалар ойын алаңы салынбақ. Сондай-ақ Бала би ауылында «Нәнсай» су бұру арнасы арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің екі жағына дамба салуды жоспарлап отыр», - делінген компанияның хабарламасында.
Жақын болашақта Қазатомөнеркәсіп өзі қатысатын өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолға алатын болады. Олардың ішінде жалпы пайдаланымдағы жолдарды, балалар ойын алаңдарын, спорт кешендерін салу және жөндеу, сондай-ақ елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру бар.
Айта кету керек, 2020-2022 жылдары Компания Қызылорда облысында ұзындығы 4,8 км болатын автожол өткелі мен автомобиль жолын салуды жоспарлаған. Аталған жоба қауіпті жүк тасымалдайтын автокөліктің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған.
27 мамыр 2020 ж. 196 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области