Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада қуғын-сүргін құрбандары туралы 400-ге жуық өтініш қаралды

Қызылордада қуғын-сүргін құрбандары туралы 400-ге жуық өтініш қаралды

Kyzylorda-news.kz. 31 мамыр – саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл күні бүкіл ел саяси қуғын-сүргін құрбандары болған отандастарымызды еске алады. Деректерге сүйенсек, бір ғана Қазақстанда 103 мың адам тұтқындалып, оның 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілген.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша жазықсыз жазаға тартылғандар туралы сыры ашылмаған тарихи құжаттарды және басқа да ақпараттарды қолжетімді ету мақсатында Ішкі істер министрлігінде маңызы бар «Мемориал» сервисі құрылды.
Қызылорда облысы бойынша «Мемориалға» 6 мыңға жуық адамның қуғын-сүргінге ұшыраған мәліметтері туралы ақпараттар енгізілді.
2014 жылы Қызылорда облысының Полиция департаменті, Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті Департаментінен, «Сот органдарымен ақталған, қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарға қатысты қылмыстық істер, сонымен қатар Ұлы Отан соғысы кезінде тұтқынға түсіп, Германиядан келген бұрынғы КСРО азаматтары туралы іріктелген, трофейлік материалдар» қабылданды.
Сол уақыттан бері Қызылорда облысы Полиция департаментіне қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың туыстарынан, ғалым-зерттеушілерден, мұрағаттар мен мемлекеттік органдардан көптеген өтініштер мен сұрау салулар келіп түсіп, оның 400-ге жуығы оң нәтижесін тапты.
«Мемориал» сервисіне енгізілген ақпараттар қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың туған жылы, тұрғылықты жері, тұтқындалған уақыты, сотталғандығы және ақталғандығы жөніндегі мәліметтерді құрайды.
Бұл ақпараттар туыстарының тағдыры туралы мәліметтер іздеген азаматтарға, сонымен қатар тарихи ақпаратты толығымен қалпына келтіру үшін ғалымдарға, тарихшыларға, журналистерге қажет.
«Мемориал» сервисінің әлеуметтік-саяси маңыздылығы Қызылорда облысының және Қазақстанның басқа да өңірлерінің, сонымен қатар ТМД елдерінің тұрғындарынан келген хаттарында аталып өтуде.
«Облыс тұрғыны Полиция департаментіне жақын туыстарына қатысты мәлімет беруді сұрап хат жазған. Мұрағаттық құжаттарды зерделей отырып, бұл азаматқа қажетті мәліметтер берілді. Алған ақпараттар негізінде оның бастамасымен Қызылорда облысының Қармақшы ауданында саяси қуғын-сүргін құрбандары Тұрғамбаев Ахмет, Жайшылықов Тыныштыбай, Бекмурзаев Сүйіндік және Туребаев Жұқаға арналған ескерткіш орнатылды»- дейді Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Оспанов Жарас.
Жақын туыстарының саяси қуғын-сүргінге ұшырап, өмірдің қиын кезеңін бастан кешірген тағдырлары туралы мағлұмат іздеген тұлғалар үшін осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Қазіргі таңда, ішкі істер органдарында жедел-тергеу және іздестіру шараларын жүргізу және басқа да қызметтік мәселелерді шешу үшін құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қажетті кең көлемді жедел-іздестіру және анықтамалық ақпараттар деректері жинақталған.
Ақпараттандыру және байланыс басқармасының арнайы мемлекеттік мұрағаты – ішкі істер органдары жүйесіндегі көп қызмет атқаратын күрделі құрылым.
Жеке құрам бойынша, ұзақ мерзімді сақтауға жататын, оның ішінде ғылыми-практикалық, тарихи маңыздылығы бар 25 мың дана құжаттар сақтауда тұрған арнайы мемлекеттік мұрағаты Ақпараттандыру және байланыс басқармасы жұмысының негізгі бөлігі болып табылады.
28 мамыр 2020 ж. 249 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области