Сыр гимнастшыларыАзия чемпионатына дайындалуда (ФОТО)

Қазіргі таңда гимнастшылар алдағы жарыстарға тыңғылықты дайындалып келеді.
«Тамыз айында көркем гимнастикадан Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан чемпионаты, қыркүйекте Алматыда Қазақстан кубогы өтуі жоспарланған. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында топтық эстетикалық гимнастикадан өтетін Азия чемпионатына 7 спортшымыз қатысады. Егер карантин режимі толық аяқталса, осы жарыстарға қатысамыз. Аптасына үш мəрте жаттығу жұмыстарын өткізіп жүрміз. Маусымнан бастап спортшылар сабақ кестесіне сəйкес күнде залда жаттығатын болады», - деді көркем гимнастикадан облыстың аға жаттықтырушысы Гүлмира Абсұлтан.
Айта кетейік, Сыр гимнастшылары былтырғы жылы Алматыда топтық эстетикалық гимнастикадан өткен ел кубогында бірінші орынды жеңіп алса, Сингапурдағы жарыста қола жүлдені иеленген.




