Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда гандболшылары Азия чемпионатына дайындалуда

Қызылорда гандболшылары Азия чемпионатына дайындалуда

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық спортшылар карантиннен кейін қауіпсіздік шараларын назарда ұстап, оқу-жаттығу процестерін бастағаны өздеріңізге белгілі болатын.
Осылай «Қайсар ҚМУ» гандбол клубының бас жаттықтырушысы Вячеслав Ким бастаған команда екі ай карантиннен кейін жаттығу залына оралды.
«Қазақстан гандбол федерациясы супер лиганың әйелдер командалары арасында ҚР чемпионаты жаз айларында маусым, шілде, тамыз айларында өткізілетінін хабарлады. Карантин режимі кедергі келтірмесе, күнтізбелік жоспар бойынша екі туры Қызылорда қаласында, екі туры Алматыда өтеді. Бір апта бұрын команда залда оқу-жаттығу процесін бастаған болатын. Осы аптада барлық командамыз толығымен жарыстарға дайындықты бастайды. Екі апта жалпы физикалық дайындық және келесі екі аптада техникалық-тактикалық дайындық жүргіземіз», - деді Вячеслав Ким.
Наурыз айында Венгрияда жоспарланған Олимпиада ойындарына жолдама алатын квалификациялық турнир қазан айына ауыстырылған. Команда осы турнирге жəне 7 спортшымыз Азия чемпионатында Қазақстан атынан өнер көрсететін болады.
Айта кетейік, «Қайсар ҚМУ» ганбол командасы 11 дүркін ҚР чемпионы, 4 дүркін Жастар спорт ойындарының және 4 дүркін ҚР спартакиадасының жеңімпазы, 2 дүркін клубтар лигасының Азия чемпионы.


25 мамыр 2020 ж. 192 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области