Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗДАРЫМЫЗ ТАҒЫ ДА ТОП ЖАРДЫ

ҚЫЗДАРЫМЫЗ ТАҒЫ ДА ТОП ЖАРДЫ


Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде гандболдан әйелдер мен ерлер арасында XXVI Қазақстан чемпионатының финалдық кездесулері өтті.  Супер лиганың әйелдер командалары Play-off-та, ал, жоғарғы және супер лигалардың ерлер командалары V турда өзара мықтыны анықтады.
Чемпионатта еліміздің түкпір-түкпірінен келген командалар бақ сынасты. Супер лигада 23 жастан жоғары гандболшылардан құралған «Алматы», «Астана», «Қайсар», «Шымкент» әйелдер командалары ойнады.
Шешуші кезең, плей-оффтың жеңімпазы қызылордалық «Қайсар» командасы ел чемпионы атанды. Ал, «Астана» гандболшылары 2-ші орынды иеленіп, күмісті олжаласа, «Алматы» гандбол клубы қола жүлдені қанағат тұтты.
Марапаттау рәсіміне Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының, Алматы қаласы гандбол Федерациясының өкілдері, бапкерлер, спортшылар және Қазақстан гандбол клубтарының жетекшілері қатысты. Олар қатысушыларға алғыс білдіріп, жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтады.
08 маусым 2018 ж. 645 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области