Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖЕКПЕ-ЖЕК САЙЫСЫНАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ЖЕКПЕ-ЖЕК САЙЫСЫНАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ


    2-4 наурыз аралығында Қызылорда қаласы «Евразия» спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасында жекпе-жек сайысынан Қазақстан Республикасының кубогы өтті.  Облыста алғашқы мәрте өткізілген сайыс Астананың 20 жылдығы және Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылды. Ел кубогына республиканың әр өңірінен және Астана, Алматы қалаларынан 180 спортшы  қатысып, 17 салмақ дәрежесі бойынша үздіктер анықталды.
    Жалпыкомандалық есепте Алматы қаласының құрама командасы кубок жеңімпазы атанды. Екінші орынды – Қарағанды облысы, үшінші орынды Астана қаласының құрама командалары иеленді.
    Бүкілқазақстандық жекпе-жек сайысы қауымдастығының вице-президенті, жарыстың бас төрешісі Ринат Абикешевтің айтуынша, кубок жеңімпаздары мамыр айында Минск қаласында (Белоруссия) өтетін Еуропа чемпионатына қатысады.
    Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің диплом, медаль және кубоктарымен марапатталды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Ерлер:
55 келі:
 I орын  Қазбек Сағын (Алматы қ.)
 II орын Ерғали Наханов (Ақмола)
 III орын  Жандос Мадехиянов (Қарағанды)
 III орын  Ануар Карибаев (СҚО)
60 келі:
 I орын  Әлкен Төлегенов  (Астана)
 II орын Ернар Қожахметов (Атырау)
 III орын  Бауыржан Сұлтанов (Алматы қ.)
 III орын  Бақдәулет Зейнулла (Астана)
65 келі:
 I орын  Ирисбек Бойдуллаев (Астана)
 II орын Мансұр Мимбулатов (Маңғыстау)
 III орын  Ұлан Мұқашев  (Алматы қ.)
 III орын  Данияр Қойшыбек (Павлодар)
70 келі:
 I орын  Шыңғыс Жаңғазы (Алматы қ.)
 II орын Айбек Қаден (Астана)
 III орын  Батырхан Әшірбеков (Астана)
 III орын  Вадим Федосеев (Қызылорда)
75 келі:
 I орын  Айдын Төлепбаев (Ақтөбе)
 II орын  Ерасыл Уалиев (Қарағанды)
 III орын  Жалғас Айдар (Алматы қ.)
 III орын  Аслан Мұқашев (Астана)
80 келі:
 I орын  Нұрбол Скаков  (Қызылорда)
 II орын  Айбек Алыбек (Астана)
 III орын  Ернұр Кітапбай (Жамбыл)
 III орын  Нұршат Аманқосов (Қызылорда)
85 келі:
 I орын  Бексұлтан Демей (Алматы)
 II орын  Бақытбек Үмбетқұлов (Қызылорда)
 III орын  Эльдар Нургалиев (Алматы қ.)
 III орын  Серік Қайнарбаев (Алматы)
90 келі:
 I орын  Дәулет Имаханов (Алматы қ.)
 II орын  Мейрамбек Алматов (Жамбыл)
 III орын  Айдын Абдрахманов (Павлодар)
 III орын  Біржан Сайбулатов (Астана)
+90 келі:
 I орын  Данияр Устембаев (Астана)
 II орын  Серік Абиров (Астана)
 III орын  Бекзат Ерханұлы (Жамбыл)
 III орын  Нұрлан Нұрсейітов (ОҚО)
Әйелдер:
45 келі:
 I орын  Алина Зылгарова (Ақмола)
50 келі:
 I орын  Қымбат Ахмет  (Алматы)
 II орын Ақтолқын Бижан (Қызылорда)
 III орын  Галина Золоторенко (Астана)
 III орын  Гүлнұр Мырзатаева (Ақмола)
55 келі:
 I орын  Зинаида Белоусова  (Маңғыстау)
 II орын Айдын Абенова (ОҚО)
 III орын  Мансия Молдақұлова  (Ақтөбе)
 III орын  Айдана Шаймерденова (Қарағанды)
60 келі:
 I орын  Марина Ни  (Қарағанды)
 II орын Рената Галимова  (ОҚО)
65 келі:
 I орын  Регина Максимова (Ақмола)
 II орын Нұрсұлу Рахман  (Жамбыл)
 III орын  Гүлнұр Аубакирова (Алматы қ.)
 III орын  Ақдана Алиева (Маңғыстау)
70 келі:
 I орын  Құндиас Сағындықова  (Ақтөбе)
 II орын Жансая Еркебаева (Жамбыл)
 III орын  Айдана Тлеуханова (Қарағанды)
75 келі:
 I орын  Анель Сейтмұрат  (Қарағанды)
 II орын Гүлназ Мұрат (Қызылорда)
 +75 келі:
I орын  Асель Жумакаева  (Астана қ.)



05 наурыз 2018 ж. 977 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области