Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық волейболшылар жеңіске жетті

Қызылордалық волейболшылар жеңіске жетті

Kyzylorda-news.kz. Түркістан облысы Шымкент қаласы Сайрам ауданында волейболдан халықаралық турнир өтті.Жарысқа Түркістан, Шымкент, Тараз, Қарабұлақ, Қызылорда жəне Өзбекстаннан алты команда қатысты. Жарыста қызылордалық «Қайсар» волейбол командасы жеңімпаз атанды.
Ақтық ойында қайсарлықтар Өзбекстан командасымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңді.
Команда құрамында Сайын Дидар «Үздік қорғаушы» номинациясына ие болса, Юрий Сенкевич «Үздік шабуылшы» атанды.
Енді команда 19-29 ақпан аралығында Орал қаласында волейболдан жоғары лига командалары арасында өтетін ҚР ХХVIII чемпионатының үшінші айналымына қатысады.
Чемпионаттың төртінші айналымы наурыз айында Талдықорғанда, соңғысы сəуірде Түркістан облысында өтеді.
Қазіргі таңда «Қайсар» волейбол командасы Шымкент қаласында оқу-жаттығу жиынында тыңғылықты дайындалуда.

05 ақпан 2020 ж. 377 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области