Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада ардагерлер арасында волейболдан халықаралық турнир аяқталды

Қызылордада ардагерлер арасында волейболдан халықаралық турнир аяқталды

Kyzylorda-news.kz. "Мұз айдыны" СК-де волейболдан ардагерлер арасында "Қорқыт баба" кубогына арналған халықаралық турнир аяқталды.

Биыл облыста алғашқы мəрте ұйымдастырылған турнирге Ресей, Өзбекстан елдерінен, Алматы, Шымкент, Байқоңыр қалаларынан жəне Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарынан 7 команда, 55 жастан жоғары 100-ге жуық ардагер қатысып, салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосты.
Жарыстың салтанатты ашылуына облыс əкімі Қуанышбек Ысқақов, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Төрағасының қызметін атқарған генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаев қатысып, қатысушы командаларға сəттілік тіледі.
Сондай-ақ, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов турнирдің құрметті қонағы болды.
Турнир нəтижесінде Алматы қаласының "КАЗНАУ" командасы І орынды жеңіп алды. ІІ орынды Шымкент қаласы, үшінші орынды Қызылорда облысының командалары иеленді. ІV орынды Байқоңыр қаласының командасы еншіледі.
Жеңімпаз жəне жүлдегер командалар диплом, медаль, кубок жəне естелік сыйлықтармен марапатталды.

30 қыркүйек 2019 ж. 419 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области