Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мемлекеттік қызметтегі қайта тестілеу мерзімі қысқарды

Мемлекеттік қызметтегі қайта тестілеу мерзімі қысқарды

Kyzylorda-news.kz. Мемлекеттік қызмет және құқық қорғау органдарына түсетін үміткерлердің қайта тестілеу уақыты қысқарды.
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Жасұлан Шынтасов брифингте баяндады.
Енді тестілеудің теріс нәтижесін алған азамат, тестілеу өткен күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кейін тестті қайта тапсыра алады. Осы уақытқа дейін қайта тестілеуге бір айдан кем емес мерзімнен кейін ғана жол берілетін.
Сонымен қатар, республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде, тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификаттардың жарамдылық мерзімі төтенше жағдай кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Баспасөз маслихатында спикер мемлекеттік қызметке түсу барысындағы әңгімелесу рәсімдерін жеңілдету бойынша енгізілген бірқатар өзгерістерге де тоқталды.
Өзгерістерге сәйкес, ендігі кезекте мемлекеттік әкімшілік лауазымға жарияланған конкурстарға үміткерлер үйден шықпай-ақ қатыса алады. Құжаттарды электрондық пошта арқылы тапсыруға мүмкіндік берілді. Әңгімелесу қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін.
Енді үміткерлерге құжаттардың толық тізімін ұсынудың қажеті жоқ. Өз өтінішімен қоса диплом мен қызметтік тізімнің көшірмелерін ұсынады. Ал, қалған құжаттарды конкурстық комиссияның оң шешімін алған кандидат ғана тапсырады.
«Конкурстық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін бақылаушылар қатары барынша кеңейтілді. Енді әрбір кәмелет жасқа толған әрекетке қабілетті азамат әңгімелесуге бақылаушы бола алады. Бұл үміткерлерге конкурстық комиссияның хатшысын алдын ала хабардар ете отырып, өзінің байқаушысын әңгімелесуге шақыруға мүмкіндік береді. Агенттіктің бастамасымен мемлекеттік қызметке кіруге ынталы азаматтарға тиімді шаралар жасалуда. Бұл, өз кезегінде, үміткерлердің уақытын, қаражатын үнемдеуге ықпалын тигізгенін атап өткен жөн», - деді Ж.Шынтасов.
01 маусым 2020 ж. 175 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области