Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ ҮШТЕН БІРІ ҒАНА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТЕСТІНЕН ӨТТІ

ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ ҮШТЕН БІРІ ҒАНА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТЕСТІНЕН ӨТТІ

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметке азаматтарды іріктеудің үш деңгейі қарастырылған. Оның алғашқы деңгейінде үміткердің заңнамалық біліктілігі тест арқылы анықталса, екіншісінде – іскерлік қасиеті бағаланады. Соңғысы – кәсіби біліктілігіне қатысты әңгімелесуден өту болып белгіленген.
Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызметке іріктеудің алғашқы деңгейіне 1414 адам қатысып, оның 515 шекті мәннен төмен емес нәтижеге ие болған. Яғни, мемлекеттік әкімшілік қызметке кіруге үміткерлердің 36,4 пайызы немесе үштен бірі ғана білім деңгейінің талапқа сай екендігін дәлелдей алған.
Сонымен қатар, құқық қорғау органдарына алғаш кіретін азаматтарды тестілеуге 1021 адам қатысып, олардың 494 немесе 48,4 пайызы шекті мәннен төмен емес нәтижені иеленген.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Абзал Мұхимов баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
– Мемлекеттік қызметке үміткерлердің тестке өз дайындық деңгейлерін тексеру мақсатында үстіміздегі жылдың мамыр айынан бастап "Персоналды басқару орталығы" АҚ арқылы сынама тестілеу басталды. Сынама тестілеуге қатысу үшін алдын ала "Персоналды басқару орталығы" акционерлік қоғамының аймақтағы маманына хабарласып, сынама тестілеудің шарттарын білуге болады, - деді департамент басшысы Абзал Мұхимов.
Жыл басынан бері облыстың мемлекеттік органдарындағы бос лауазымдарға орналасуға өткізілген 693 конкурсқа 965 адам қатысып, орта есеппен бір лауазымға 1,4 адамнан келген.


07 тамыз 2018 ж. 595 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области