Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордадан үш жолаушы пойызы жолға шығады

Қызылордадан үш жолаушы пойызы жолға шығады

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда станциясынан 3 жолаушы пойызы жолға шығады.
Бірақ санитарлық талаптар қатаң қадағаланады. Сондай-ақ өңір-аралық автобустардың да қызметіне рұқсат берілген.
Пойызға мінетін немесе түсетін жолаушының барлығы терминал арқылы өтеді. Вокзал ғимаратына маскасыз кіруге рұқсат жоқ. Мына есіктен енген әрбір адамның дене қызыуы өлшенеді. Бұл жерде көбі пойызға билет сатып алушылар немесе пойыз күтушілер екені белгілі. Адам нөпірі көп болатыны сөзсіз.
Күту залында билет кезегінде тұрғандар кемінде 1,5 метр арақашықтықты сақтау қажет. Орындықтар жолаушылардың бір-біріне жақындамайтындай етіп лентамен қоршалған.

Тұрғындар тағы нені есте сақтау керек?
Оны санэпид мамандарынан сұрасақ. Вокзал маңында немесе ішінде көпшілік біліп жүруге тиіс тағы қандай талаптар қойылады?
«Жолаушыларды пойызға отырғызу және түсіру кезінде арақашықтықты сақтау қажет. Жол бойында, пойыз ішінде кемінде 2 рет және дәретхананы 4 рет дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып жуу. Жолаушылар міндетті түрде маска пайдаланады», - дейді мамандар.
Бүгін кестеге сәйкес Қызылорда – Нұр-Сұлтан – Қызылорда, Қызылорда – Семей, Қызылорда – Көкшетау бағытында жолаушылар пойызы жолға шығады.
Сонымен қатар өңірдегі 6 блок-пост бүгіннен бастап алынды. Оның төртеуі облыс орталығына кіреберістерге қойылған болатын. Бүгін қалааралық автобустарда қызметіне кірісті.
01 маусым 2020 ж. 274 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области