Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда балалар лагерьлерінің жұмысы жанданады

Қазақстанда балалар лагерьлерінің жұмысы жанданады

Kyzylorda-news.kz. Алдағы аптадан бастап еліміздегі балалар лагерінің жұмысы жанданады. 8 маусымда екі өңірдегі орталықтардың жұмысына рұқсат берілді.
Ал 12 маусымда қалған 12 аймақтағы оқушылар демалатын орындар ашылады. Елордадағы балалар лагері 20 маусымда жұмысын бастайды деп жоспарланған. Бұл жөнінде Балалар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина мәлімдеді. Оның айтуынша биыл бас-аяғы миллионнан астам оқушы демалыс орындарына аттанады. Яғни Қазақстан аумағындағы 12 мыңнан аса лагердің 65 проценті жұмыс істейді.
«Лагерьлерге бара алмайтын қалған оқушылар не істейді? Осы мақсатта біз мектеп жанындағы ұйымдардың қызметін күшейттік. Олардың барлығы балаларды толықтай қамтып, демалыстарын мағыналы өткізуге көмектеседі. 1200-ден аса аула клубы мен 21 мыңға жуық әртүрлі үйірмелер де осы бағытта бізге қолдау танытуға дайын», - дейді ҚР БҒМ балалар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина.

«Хабар 24»
01 маусым 2020 ж. 196 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области