Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 136 МЫҢНАН АСТАМ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

136 МЫҢНАН АСТАМ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ


Биыл жазғы демалыста Қызылорда облысының білім беру мекемелеріндегі 1-10 сыныптағы барлығы 136 200 оқушы облыстық және республикалық жазғы тынығу лагерьлерінде, спорт клубтары мен үйірмелерінде демалады.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Сырдария» лагеріне барып, демалып жатқан балалармен кездесті. Мұнда 499 жеткіншек жазғы демалысын өткізуде.
Аймақ басшысы балаларға жақсы демалыс тілеп, сыйлықтар табыстады.
«Денсаулықтарыңды нығайтып, жаңа дос табуға және жақсы демалыстан кейін қайтадан оқуға кірісулеріңізге тілектеспін», - деді аймақ басшысы.
«Сырдария» лагерінде түрлі танымдық және спорттық үйірмелер ұйымдастырылған, балалар үшін экскурсия өткізу қарастырылған.
Атап өтейік, 2017-2018 оқу жылы Қызылорда облысында 136 мыңнан астам оқушы, немесе жалпы оқушылар санының 97 пайызы, жазғы демалыспен қамтылатын болады. Оның ішінде 9 жазғы тынығу лагерлері 7 ауысымда демалушыларды қабылдаса, 111 200 бала мектеп жанындағы жазғы лагерлерге бармақ.
Одан бөлек, оқушылар үшін аймақтың көрікті жерлеріне экскурсия мен түрлі спорттық-танымдық секциялар және үйірмелердің жұмысы ұйымдастырылады.







11 маусым 2018 ж. 668 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области