ДЕМЕУШІЛЕР КӨМЕГІ
Биыл Сырдария ауданында демеушілер есебінен 230-дан астам оқушы «Жалын» тынығу лагерінде және облыс көлеміндегі, облыстан тыс лагерлерде демалады деп жоспарлануда. Бұл туралы Сырдария ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тегін жолдамалар көпбалалы, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасы мүшелерінен шыққан оқушыларға беріледі.
Бүгінде бұл іске жергілікті кәсіпкерлер мен шаруашылық төрағалары ерекше қолдау көрсетуде.
Жалпы, бірлігі бекем ауданда демеушілік есебінен ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқаны белгілі. Бұл сырдариялықтардың берекелі іске бейім екенін білдіреді.