Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшыда балалар технопаркі ашылды

Қармақшыда балалар технопаркі ашылды

Қармақшы аудандық оқушылар үйінде балалар технопарктерінің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 
Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев, «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дастан Буханов, аудандық білім бөлімінің басшысы Жарқынбек Омаров және БАҚ өкілдері қатысты.
Құрметті қонақтар балалар технопарктерін қалыптастырудың бастамасы ретінде ашылған «Робототехника» үйірмесінің жұмыстарымен танысты.
Қажетті инфрақұрылымдары бар 3D кабинеттерінің бүгінде оқушыларға қолжетімді. Техникалық бағыттағы әр үйірмеге 36 оқушы қатысып, барлығы 108 оқушы қосымша білім алады.
Сонымен қатар шараға келген қонақтар аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген «ROBOLAND-2019» байқауына қатысып, робототехника саласында инновациялық технологияларды қолданған дарынды оқушылардың жұмыстарын көрді.



24 ақпан 2019 ж. 454 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области