Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Балалар үйлері Қолдау орталықтарына айналады

Балалар үйлері Қолдау орталықтарына айналады

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда Балалар үйлері Қолдау орталықтарына айналады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов парақшасында жазды.
Министрдің дерегінше, 10 жыл ішінде, нақты айтқанда, 2010 - 2020 жылдары балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінің саны 70 пайызға, 14 052 адамнан 4193-ке дейін қысқарды. Ал балалар үйінің желісі 210-нан 101-ге дейін, яғни 52 пайызға азайып отыр. Ал соңғы 4 жыл ішінде балалар үйінің тәрбиеленушілерінің саны 42 пайызға, 7 236 адамнан 4 193-ке кеміді. Балалар үйінің желісі 140-тан 101-ге, яғни 28 пайызға қысқарды.
«Айта кетерлігі, Балалар үйлері Қолдау орталықтарына айналады. Бұл жұмысқа азаматтық қоғам белсене атсалысуда. «Тәлімгерлер» мен «Аналар үйі» сияқты жобаларды да ерекше атап өткім келеді. Десе де түйткілді мәселелер бойынша жұмыс әлі де жүргізіліп жатыр«, - деді Асхат Аймағамбетов.
Сонымен қатар ол мемлекетімізде білім алу құқығына баса назар аударылатындығын, қазір елімізде 5 миллион баланы қамтитын 20 мың білім беру ұйымы жұмыс істеп жатқанын атап өтеді.
01 маусым 2020 ж. 283 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области