Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында күріш егу науқаны аяқталуға жақын

Қызылорда облысында күріш егу науқаны аяқталуға жақын

Kyzylorda-news.kz. Бүгінде облыста егін науқаны аяқталуға жақын. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының дерегінше қазір 85437 гектарға күріш егілді. Бастырылғаны – 85211 гектар. Биыл 88 мың гектардан астам алқапқа күріш егу жоспарланған еді.
Жылма-жыл күріш егісі жөнінен көш бастап келе жатқан Жалағаш және Сырдария аудандарының диқандары сол межені бағындырды. Күріш көлемі биыл Жалағашта – 21156, Сырдарияда 21126 гектарды құрайды. Аталған аудандар егілген күрішті толықтай суға бастырып үлгерді. Одан кейінгі орындағы Қармақшыда – 13460, Шиеліде – 12200, Жаңақорғанда – 7500, Қазалыда 6341 гектар дән себілді. Ал Қызылорда қаласына қарасты шаруашылықтарда диқандар 3654 гектарға егіп, белгіленген межені 20,5 пайызға артығымен орындады. Олардың барлығы суға бастыруды аяқтап үлгерді.
02 маусым 2020 ж. 276 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области