1-сыныпқа баратын балаға қандай талап қойылады?

«Бірінші сыныпқа қабылданатын балалар жазып-сызып, оқып, есептей алуы тиіс деген талап жоқ. Білім туралы заңға сәйкес еліміздегі барлық балалар тегін білім алумен қамтамасыз етілуі тиіс», – деді Майра Мелдебекова.
Айта кетейік, осы күндері барлық мектептерде бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау жүргізілуде. 1 маусымнан басталған шара 1 тамызға дейін жалғасады. Ал өтінімдерді дәстүрлі қағаз түрінде немесе egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады.
Сондай-ақ комтитет төрағасының айтуынша, тамыз айында еліміздің барлық аумағында жазғы мектеп ашу жоспарланған. Ол жерде балалар төтенше жағдайға байланысты төртінші тоқсанда өтпей қалған тақырыптарды меңгеріп, қайталайтын болады.