Қызылордада көпбалалы отбасыларға пәтер кілті табысталды
Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда қаласында көпбалалы отбасыларға баспана кілті табысталды.
Сырдария өзенінің сол жағалауында бой көтерген көпқабатты тұрғын үйлерде қоныс тойы тойлануда. Қаладағы көпбалалы отбасылар бүгін баспанаға қол жеткізіп, қуанышқа бөленуде.
Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен өткен салтанатты шарада 20 отбасыға пәтер кілті табысталды. Қоныстанушылар атынан «Алтын алқа» иегері А.Өтепова өз алғысын білдірді. Сонымен қатар Қызылорда қаласының «Құрметті азаматы», еңбек ардагері Ж.Шәріпов ақ батасын берді.